02 Мамыр, 2014

Ардагерге ақ тілек

1127 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Галым ТыныбаевҚұттықтаймыз Кезінде газетімізде ширек ғасырдан астам салиқалы қызмет атқарған ардагер журналист Ғалым Тыныбаев 80 жастың сеңгір биігіне көтеріліп отыр. Тағдыр ғибраттары ерекше, кейінгі жастарға тәлім-тәрбиесі мен өнеге-өрнегі мол, әрдайым ақжарқын қалпынан айнымайтын асыл ағаны мерейжасымен құттықтай отырып, ұзақ өмір, баянды бақыт, мықты денсаулық тілеп, қызық-қуанышпен жасай беріңіз демекпіз. Ғалақа, алапалы алтын адам, Түсірмес нар мінездің нарқын әман, Кезінде «Социалистік Қазақстан» Сырбаздар Бағаевтай жарқыраған.   Жас шақта Шыңжаңда да шыңдалдыңыз, Қашғар мен Үрімжіде жүлде алдыңыз. Зәузаты Шоқатай мен Тыныбайдың – Оралып атажұртқа үлгі алдыңыз. Қытайша тілге жүйрік, ұйғырша да, Сайрайтын қажет болса бұлбұлша да, Жүрегі ән мен күйге бүлкілдеген, Бұйырған Ғалақаңа дүлдүл сана.   Елемей елдің сыпсың өсегін де, Атпайтын ешкімге тас, кесегін де, Үнемі адал жүріп, ақ сөйлейтін, Ғалақаң бекзаттардың есебінде!   Көркі бар көңіліңнің патшадайын, Аталы қасиеттей ақ самайың, Жан аға жасасын деп қуанамыз, Жан нұрын жарқылдатып төксе дәйім!

Егеменқазақстандықтар.