Қаржы • 27 Шілде, 2022

Доллар бағамы өсті

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Доллар бағамы өсті

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар 0,61 теңгеге қымбаттап, 1 АҚШ долларының орташа құны 480,16 теңге болды.

Ұлттық банктің 27 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 479, 83 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 481 теңге, сатып алу – 485,5 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 477 теңгеден болса, сатып алу құны – 481 теңге. Ресей рублі 7,15- 7,65 теңге аралығында саудаланып жатыр.