03 Мамыр, 2014

Бокс. «Астана Арланс» жартылай финалда жолдан шықты

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

03-05-14-box_baku-1

АСТАНА. 3 сәуір. Бүгін түнде Бакуде жергілікті «Баку Файерс» командасына қарсы екінші жартылай финалдық матчты өткізген «Астана Арланс» 1:4 есебімен ұтылып, жарыс жолынан шығып қалды. Бұл туралы Vesti.kz тілшісі хабарлады. Матч астаналықтар үшін сәтсіз басталды. 52 килоға дейінгі салмақтағы Ілияс Сүлейменов бакулік Элвин Мамишзадеге 0:3 болып ұтылды. Ал Самат Бәшенов (60 кг) 2-раундта Альберт Селимовтен нокаут алды. Бұдан кейін Манат Өмірзақов (69кг) белорус легионері Евгений Ромашкевичке есе жіберді. Сосын 81 килоға дейінгі хорват легионері Хрвое Сеп алаң иелерінің сапындағы тағы бір белорус Михаил Долголевецті тізе бүктіріп, қонақтардың бірінші жеңісін әкелді. Ең соңынан 91 килодан ауыр салмақтағы келесі хорват Филип Хргович дағыстандық легионер Хаджи Муртазалиевпен ұрыста айқын басым болған. Ол қарсыласын тіпті бір рет нокдаунға да түсірді. Бірақ төрешілер жеңісті бакулікке беріп жіберді. Олардың екеуі тең нәтиже көрсетсе, біреуі алаң иесін ұлықтапты. Осылайша осы әділетсіз салдарынан «Баку Файерс» өздеріне керекті есепке қол жеткізді. Егер матч 3:2 болып біткенде, алаңға алтыншы жұп болып Әділбек Ниязымбетов пен Тимур Мамедов шығатын еді. Енді бакуліктер финалда «Куба Домадореске» қарсы шығады. Кубалықтар жартылай финалда Ресей командасын Мәскеуде – 3:2, ал Гаванада 5:0 етіп жеңген болатын. Дамир Қожамқұл. Дереккөз: Vesti.kz. Фото: Vesti.kz