АСТАНА. 4 мамыр. Мемлекет басшысы Азия даму банкі басқарушылар кеңесінің 47-отырысында ел экономикасының дамуы тарихына жан-жақты тоқталды. Бұл туралы Bnews.kz хабарлады.
Басқосуда Нұрсұлтан Назарбаев: «Бүгiн бiз Ұлы жiбек жолын жаңғыртудың жаңа кезеңiн байқап отырмыз, ол Азия дамуының жаңа кезеңi болатындығына сенiмдiмiн. Бұл үшiн барлық жағдай бар. Азия – Қытай, Үндiстан, Жапония, Оңтүстік Корея және т.б. Азияның дамушы елдерiн бiрiктiретiн серпiндi дамып келе жатқан аймақ. Бұл – тұтынушылар сұранысын қамтамасыз ететiн әлемнiң көп халқы шоғырланған аймақ. Сарапшылардың айтуынша, 2050 жылы әлемдiк сауданың жартысынан көбi, инвестиция мен жалпы ішкі өнім Азияда жинақталмақ. Бұл гүлденудiң жаңа сценарийi, Азия ғасырының басталуы. Бiзге барлық күштi бiрiктiру керек», – дедi.
Сонымен қатар, Президент мемлекетіміздің дамуы барысын сөз ете отырып, 1997 жылдан бері жалпы ішкі өнімнің артқандығына, жедел дамушы елдердің алдыңғы бестігіне енгенімізге нақты дәлелдер келтірді.
Президент: «1997 жылдан бері Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 10 есеге артты. Оның орташажылдық өсім қарқыны шамамен 6 пайызды құрады. Қазақстан қарқынды дамушы елдердің бестігіне небары 15 жылда енді. Экономиканың ұдайы өсімі ел халқының табысын екі есеге арттыруға көмектесті. Кедейшілік деңгейі 38 пайыздан 3 пайызға дейін, яғни, 13 есеге азайды», – деді.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: Bnews.kz.
Фото: Bnews.kz.
• 04 Мамыр, 2014
Еліміз небары 15 жылда қарқынды дамушы мемлекеттердің бестігіне қосылды

Астанада бір көшеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Елорда • Кеше
Алматы облысында 73 майдангердің есімі көшелерге берілген
Өшпес даңқ • Кеше
Орлов шахтасында жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Кеше
Президент бірқатар заңға қол қойды
Президент • Кеше
Туған жер құрметінен қанаттанып…
Әдебиет • Кеше
1 шілдеден бастап ипотека кімдерге берілмейді?
Ипотека • Кеше