Ел Үкіметінің көші-қон мәселесін қайтадан қолға алғаны жайлы хабар бүкіл қазақты қуантты. Бұған дейін көші-қон арқылы елге келген оралман ағайындарымыз негізінен солтүстік өңірлерге орналастырылатын. Енді қандастарымыз өңірді өздері таңдайтын болды, солтүстік пе, оңтүстік пе қай өңірге келсе де, оралман мәртебесін ала алады.
Азаматтық алу мерзімі де қысқартылады. Мұны естіп ағайындар қатты қуануда, дейді елімізге 1991 жылдары екі елдің еңбек шарты келісімімен жеткен Мұхит Жақсылықұлы.
Жалпы, сол жылдардан бастап елімізге 1 миллиондай қазақ қоныс аударған болса, олардың 6521 отбасы немесе 29445 адамы солтүстік өңірдегі біздің өндірісті облысқа қоныстанған. Облысымызға қазақ отбасылары Моңғолия, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Қытай, Ауғанстан елдерінен қоныс аударған. Енді міне, тоқтап қалған қазақ көші қайта қозғалмақ. Қазір алдағы күндерде облысқа келетін 125 отбасын Лебяжі, Май, Баянауыл, Железин, Ақсу қаласы ауылдық аумақтарына, басқа аудандарға қоныстандыру, оларды тұрғын үймен, жұмыспен қамтамасыз ету жүйе-жобалары жасалуда.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Павлодар облысы.

Астанада бір көшеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Елорда • Кеше
Алматы облысында 73 майдангердің есімі көшелерге берілген
Өшпес даңқ • Кеше
Орлов шахтасында жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Кеше
Президент бірқатар заңға қол қойды
Президент • Кеше
Туған жер құрметінен қанаттанып…
Әдебиет • Кеше
1 шілдеден бастап ипотека кімдерге берілмейді?
Ипотека • Кеше