Өткен жылы «Аймақтарды дамыту» бағдарламасы бойынша ауылдарға көшелерді жарықтандыруға тәжірибелік қаржы бөлініп, аудандағы 12 ауылдық округ орталықтарының көшелері жарықтандырылды, көлігі және қажетті қондырғылармен қамтамасыз етілген малдәрігерлік стансалар ашылды. 2013 жылы үш ауылға көгілдір отын барды, биылғы жылдың аяғына дейін ауданда газбен қамтылу деңгейі 84 пайызды құрайтын болады, ауылдарға су құбырлары жүргізілуде.
Жыл өткен сайын күрделі жөндеуден өткен ауыл мектептерінің қатары көбейе түсуде. Үстіміздегі жылы бес мектеп, үш ауылдық клуб жөнделетін болады, үш ауылдық округ әкімдігі ғимаратының жобасы жасалуда. Таяу жылдары Алға қаласын ауылдық округпен жалғастыратын бес жол телімі күрделі жөндеуден өтеді деп күтілуде.
Мұның өзі ауылдық округтер әкімдерінің жұмысы бұрынғыдан гөрі де қыза түсетінін көрсетеді. Жобалау фирмаларымен, құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігерлік ұйымдармен тығыз байланыста болып, қоян-қолтық жұмыс істеу қажеттігі туындайды. Осындай жұмыстың қарбаластығын ескеріп, аудандық мәслихат депутаттарының қолдауымен ауылдық округтер әкімдеріне «УАЗ» маркалы жеңіл автокөлік сатып әперілді. Алға ауданының әкімі Асқар Шериязданов ауыл әкімдеріне су жаңа «УАЗ» автокөлігінің кілтін тапсырды, халықтың тұрмысын жақсарту және туындайтын өзекті мәселелерді шешуге байланысты жұмыстарына сәттілік тіледі. Ауыл әкімдерінің өкілеттігінің кеңеюі олардың жауапкершілігін арттырып, күнделікті жұмыс көлемін арттырып отырғаны да рас. Сондықтан көлікпен қамтамасыз ету олардың анағұрлым жинақы жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Ақтөбе облысы,
Алға ауданы.

Билет бар, орын жоқ: Овербукинг кезінде жолаушы нені білуі тиіс?
Қоғам • Бүгін, 18:10
Эйнштейн өзін «алаяқ» сезінген бе?
Қоғам • Бүгін, 18:01
Референдум-2026: Шетелдегі дауыс беру учаскелерінің тізімі жарияланды
Референдум • Бүгін, 17:48
Мемлекеттік күзет қызметі сарбаздарына іріктеу басталады
Қоғам • Бүгін, 17:47
Тойота көлік құрастыру үшін гуманоид роботтарды қолдана бастады
Технология • Бүгін, 17:30
Мектеп оқушыларын биыл қандай өзгерістер күтеді?
Білім • Бүгін, 17:29
Атырау облысында биыл 125 қандасты қабылдауға квота бөлінді
Аймақтар • Бүгін, 17:22
Əлеуметтік желілер жəне психика: Цифрлық депрессиядан қалай сақтану керек?
Қоғам • Бүгін, 17:18
Ташкенттегі Grand Slam турниріне қатысатын балуандар анықталды
Спорт • Бүгін, 17:10
Сарапшылар Жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:05
Жасанды интеллектіні студенттер қалай қолданып жүр?
Технология • Бүгін, 16:50
2035 жылға қарай қандай мамандықтар сұранысқа ие болады?
Еңбек • Бүгін, 16:47
Әскери дронның тілін тапқан маман
Әскер • Бүгін, 16:30
Алматыда жастардың үкіметтік емес ұйымдары құрылады
Жастар • Бүгін, 16:28
Қантқа тәуелділік: Тәттіден бас тартқанда ағзада қандай өзгерістер болады?
Өнім • Бүгін, 16:15