05 Мамыр, 2014

Әскери парадқа әзірлік жайына арналды

248 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Парад қолбасшысы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Майкеев пен Құрлық әскерлері бас қолбасшысының орынбасары полковник Жұмабек Хасеновтің қатысуымен брифинг өтті. Брифингтің тақырыбы 7 мамырда Астанадағы «Қазақ елі» алаңында өтетін әскери парадқа дайындық барысы болды. М.Майкеевтің мәлімдеуінше, 2014 жылғы парадтың басты ерекшелігі оның технологиялық сипаты болып табылады. Қазақ­стан армиясының жаңа және заманауи қару-жарағы мен әскери техникасының үлгілерін көрсетуге басымдық берілетін болады. «Парадта көрсетілетін тех­ни­каның бір бөлігі Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіптік кәсіп­орын­дарында жаңғыртылған немесе шығарылған», деп атап өтті М.Май­кеев. Әскери шеруге Қорғаныс, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар минис­тр­ліктерінің, Ұлттық қауіпсіздік ко­митетінің, Мемлекеттік күзет қызметінің, сондай-ақ, Қорғаныс министрлігінің, ІІМ және ТЖМ-нің әскери техникалары мен авиа­циясы қатысады. Әскери шерудің салтанатты мар­шының жаяу легінде 2000-ға жуық әскери қызметші жүріп өтеді, оның 1500-і Қарулы Күш­тер­дің жеке құрамы. Механи­ка­лан­дырылған колоннаға 200-ден астам әскери техника бірлігі тартылады. Жалпы, Астана аспанында бұл күні майдандық, армиялық және әскери-транспорттық авиа­ция­ның ең үздік топтары сап түзей­ді. «Қазақ елі» алаңы үстінен 7 мамыр күні 70-тен астам қазақ­стан­дық Әскери-әуе күштерінің авиа­циялық техникасы ұшып өтпек. Шеруге қатысу үшін еліміздің барлық әскери гарнизондары мен әскери бөлімдерінен әскери қыз­метшілер тартылған, оның ішінде әйел әскери қызметшілер де бар. «Егемен-ақпарат».