АЛМАТЫ. 5 мамыр. Колумбия университетінің тарихшысы, көптен бері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлесіп жұмыс істеп келе жатқан Рафис Абазов Ватиканның құпия мұрағаттарынан Қазақстанның белгісіз карталарын тапты. Бұл туралы Today.kz хабарлады.
«Рим және Алаш: мәдени мұра» ғылыми жобасы аясында мұрағаттарды зерттеуге шақырылған Рафис Абазов Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Андрей Хазболатов пен «Италия» білім беру орталығының директоры, итальян тілі оқытушысы Кармине Барбаромен бірлесе жұмыс істеген.
Аталған ғалымдар Ресей империясының Еуразия көшпелі тайпаларымен, соның ішінде қазақтармен өзара байланысына қатысты дәлелдер табуға үміттенеді. Құпия мұрағаттарды зерттеу кезінде еліміздің аумағына қатысты карталар табылды.
Рафис Абазов: «Меніңше, бұл деректер Қазақ мемлекеттілігінің нақты генезисі мен даму динамикасын түсінуге көмектеседі. Қазіргі қазақ мемлекеттілігі XVI-XVII ғасырларда пайда болды деп саналады және тарихшыларда сол кездегі қазақ тайпаларының сыртқы әлеммен байланысы жайлы мәлімет аз. Сонымен бірге, ғалымдар біздің елдің Қытай және Ресеймен қарым-қатынасына ерекше назар аударады. Алайда, бұл карталар қазақ халқы билеушілерінің сыртқы әлеммен байланысты кеңінен орнатқанын, Оңтүстік Азия, тіпті, Батыс Еуропаға дейін қарым-қатынас жасағанын айғақтайды», – деді.
Табылған карталар шамамен XVI-XVII ғасырларға тиесілі көрінеді. Сонымен бірге, ғалым Рим папасының татар-моңғол ханына жазған хаттарын кезіктірді.
Рафис Абазовтың айтуынша, Ватиканның құпия мұрағаттарына кіруге рұқсат алу оңай емес. Ол оған кіру үшін 1 жыл күткен.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: Today.kz.
Фото: mygazeta.com.
• 05 Мамыр, 2014
Ватиканның құпия мұрағаттарынан Қазақстанға қатысты мәліметтер табылды

Билет бар, орын жоқ: Овербукинг кезінде жолаушы нені білуі тиіс?
Қоғам • Бүгін, 18:10
Эйнштейн өзін «алаяқ» сезінген бе?
Қоғам • Бүгін, 18:01
Референдум-2026: Шетелдегі дауыс беру учаскелерінің тізімі жарияланды
Референдум • Бүгін, 17:48
Мемлекеттік күзет қызметі сарбаздарына іріктеу басталады
Қоғам • Бүгін, 17:47
Тойота көлік құрастыру үшін гуманоид роботтарды қолдана бастады
Технология • Бүгін, 17:30
Мектеп оқушыларын биыл қандай өзгерістер күтеді?
Білім • Бүгін, 17:29
Атырау облысында биыл 125 қандасты қабылдауға квота бөлінді
Аймақтар • Бүгін, 17:22
Əлеуметтік желілер жəне психика: Цифрлық депрессиядан қалай сақтану керек?
Қоғам • Бүгін, 17:18
Ташкенттегі Grand Slam турниріне қатысатын балуандар анықталды
Спорт • Бүгін, 17:10
Сарапшылар Жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:05
Жасанды интеллектіні студенттер қалай қолданып жүр?
Технология • Бүгін, 16:50
2035 жылға қарай қандай мамандықтар сұранысқа ие болады?
Еңбек • Бүгін, 16:47
Әскери дронның тілін тапқан маман
Әскер • Бүгін, 16:30
Алматыда жастардың үкіметтік емес ұйымдары құрылады
Жастар • Бүгін, 16:28
Қантқа тәуелділік: Тәттіден бас тартқанда ағзада қандай өзгерістер болады?
Өнім • Бүгін, 16:15