05 Мамыр, 2014

Оралда Шаған өзені үстіндегі көпірдің жабылуы дүрлігіс туғызды

834 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

05-05-14-reka_shagan

ОРАЛ. 5 мамыр. Кеше таңғы сағат 8-де жұмысқа асыққан оралдықтар күтпеген жағдайға кезікті, Шаған өзені үстіндегі қаланың орталығы мен Шағанның арғы беті бөлігін жалғастыратын жалғыз көпір жабылып, ішке кіретін және шығатын жүздеген көлік ондаған шақырым кептелісте тұруға мәжбүр болды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Оқиғаның бұлайша өріс алуына «Зенит» зауыты өкілдерінің бір қисынсыздау шешімі себеп болған секілді. Яғни, сол күні зауытта жасалған «Сарыарқа» әскери кемесі Шаған өзеніне жеткізілуі тиіс екен. Бірақ, неге екені белгісіз, тасымалдау уақыты тура таңғы сағат 8-ге белгіленіп, нәтижесінде мыңдаған адам жұмысқа кешігіп қалады. Осыдан кейін біз кәсіпорын басшысымен хабарластық. «Қауіпсіздік шараларын толық сақтауға байланысты кемені әдеттегідей кешкісін немесе түнде емес, күндізгі сағат 8-де өзенге тасымалдауға тура келді. Сондықтан Шаған өзені үстіндегі көпір 20 минутқа жабылды. Жол қозғалысына келген қолайсыздық үшін қала тұрғындарынан кешірім сұраймыз», - деді В.Хамзиев бізге берген жауабында. Темір Құсайын. Дереккөз: egemen.kz. Фото: www.volgomost.ru.