2022 жылдың 2-20 тамыз аралығында жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Е-34 көшесінің Е-15 көшесінен Е-17 көшесіне дейінгі учаскесіндегі автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылады.
«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды өтінеміз», делінген бейінді басқарманың хабарламасында.