Тарих • 02 Тамыз, 2022

Сақ жауынгерінің дулығасы

401 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде сан ғасырлық тарихы бар жәдігерлер жетіп артылады. Олардың басым көпшілігі көне Тараз топы­рағында жүргізілген қазба жұмыстарының кезінде та­был­ған.

Сақ жауынгерінің дулығасы

Музейге келушілер саны жаз мезгілінде де сиреген емес. Тіпті кейде өзге қаланың тұрғындары да мұндағы жәдігерлермен танысып жатады. Музей залдарын аралап жүрген кезде сақ жауынгерінің дулығасы көзімізге оттай басылды. Қоладан жасалған жәдігердің тарихы тым әріде жатыр екен.

«Бұл дулыға VII-IV ғасырлардан тамыр тартады. Қоладан құйы­лып жасалған жәді­гердің таза салмағы үш килограммға жуықтайды. Оның төмен жағында бірнеше тесік бар. Дулыға Қордай ауданы­нан 1950 жылы кездейсоқ табылған. Бұрынғы Кеңес Одағының тер­ри­ториясы­нан табылған үш сақ дулығасының біреуі саналады», дейді аталған музей директорының орынбасары Зарина Дүкенбаева.

 п

 

Тараз