06 Мамыр, 2014

Қазақстан құрамасы Франциядан екі рет ұтылды

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мамырдың 5-іне қараған түні шай­балы хоккейден Қазақстан құ­рамасы Францияның Руан қаласында әлем чемпионаты қарсаңындағы дайын­дық ретінде осы елдің бас коман­дасымен жолдастық кездесу өткі­зіп, аталмыш жамағаттан қатары­нан екінші жеңілі­ске ұшырады. Кездесу 3:5 есебімен аяқталды. Матчта қазақстандық Роман Стар­­ченко есеп ашқаннан кейін, фран­­цуздар Виталий Еремеевтің қақпа­сын төрт рет дәл көздей білді. Ойын­ның үшінші кезеңінде біздің жасақ­қа Р.Старченко мен Талғат Жай­лауовтың голдары арқылы есеп­ті қысқартудың орайы келді. Ал соңғы нүктені француздар қойды. Айта кететін бір жайт, бұл командалардың бұдан бір күн бұрын өткен бірінші жолдастық кездесуінде француздар 3:1 есебімен басым түскен еді. Қазақстандықтар құрамынан жалғыз шайбаны Р.Старченко салды. Бұл кездесуде қақпада Алексей Иванов тұрды. Тағы да еске сала кетейік, мұ­ның алдында Қазақстан құра­­­ма­сы Ита­лия командасымен де екі жол­дас­тық кездесу өткізген. Оның бірінші мат­чында біздің жер­лестеріміз 1:3 болып ұтылса, екіншісінде 4:2 есе­бімен қарымта қайтарды. Үстіміздегі жылғы элиталық ди­визиондағы әлем чемпионаты 9 мамыр күні Беларусьтің астанасы – Минск қаласында басталады. Онда Қазақстан құрамасы «В» то­бын­да Финляндия, Ресей, АҚШ, Швей­цария, Германия, Латвия және Бе­ларусь құрамаларымен күш сынасады. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.