Балғын жыршылар байқауына 7 мен 15 жас аралығындағы өнерлі өрендер қатысады деп күтілуде. Халқымыздың асыл мұрасы – ауыз әдебиетінің қайталанбас қазынасын сақтауда орны бөлек өнер додасы халықаралық мәртебесімен, мамырдың 13-і мен 19-ы аралығында Атырау, Шымкент, Өскемен, Көкшетау, Алматы мен Астана қалаларында өтетін аймақтық іріктеулерде жеңімпаз атанған нағыз дүлдүл жыршылардың қатысуымен жұрт назарын аудартпақ. «Балапан» байқауының тағы бір ерекшелігі, жобада тек қазақстандық жас таланттардың ғана емес, сонымен қатар Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан елдері өрендерінің өнер көрсетуіне мүмкіндіктер туғызылған.
Осыған қарамастан сынға түсетін үміткерлердің бәріне бірдей батырлар жырын мәнерлеп оқу шеберлігі, сонымен қатар жас ерекшеліктеріне қарай «Алпамыс батыр», «Қыз Жібек» жырларын міндетті түрде толығымен жатқа білу, басқа да жырлардан үзінділер оқу, қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарының бірінде ойнай білу қабілеті, қазақ халқының салт-дәстүрлерін білу, қазақы нақыштағы киім үлгісінде өнер көрсету, жыр айтудан басқа тағы да қосымша өнерін таныту, яғни ұлттық музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен халық әндерін, термелер орындау, болмаса күй тарту сияқты ортақ талаптар қойылуда. Байқаудың ендігі бір өзгешелігі – оның екі топқа бөлініп өткізілетіні, яғни сын адал әрі ойдағыдай өтуі үшін 7 мен 11 жас аралығындағы балғындар кіші топта, ал 12 мен 15 жас аралығындағы жасөспірімдер үлкен топта бақ сынайды деп шешілді. Баланың жаттау және есте сақтау мүмкіндігі, оқу мәнері, актерлік шеберлігі сияқты түрлі қабілеті сынға түсетін «Балапан» жобасының мақсат-мұраты еркін елдің ертеңгі иелерін халқымыздың төл мәдениетімен, ауыз әдебиетінің інжу-маржандарымен сусындату, олардың бала кезден бабалар сөзіне, дала шешендері мен дауылпаз жыраулардың батырлық, ерлік туралы шежірелі мұраларына қанық болып өсуіне мүмкіндік жасау болып табылады. Және бұл құндылық жастарды отансүйгіштікке, бауырмалдыққа, батырлық пен парасаттылыққа тәрбиелеуде баға жетпес басты құрал болып саналатыны сөзсіз.
Халықаралық байқауға қатысатын балалардың нақты саны туралы айтар болсақ, Қазақстаннан – 12, ал Қытай, Моңғолия, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Өзбекстан елдерінің әрқайсысынан екі баладан қосқанда, барлығы 22 жасөспірім аламан бәйгеге сақадай-сай тұр. Жас ерекшелігіне қарай әр топтағы жеңімпаздарға тігіліп отырған Бас жүлде – алтын құлын мүсін десек, мәре сызығын алғашқылардың бірі болып кескендерге, мысалы, бірінші жүлде үшін – 500 000, екінші орынға – 250 000, ал үшінші жүлдеге 100 000 теңге сыйлық тігіліп отыр.
«Егемен-ақпарат».

Елімізде педагогтердің құқығын бұзу фактілері үш есе азайды
Білім • Бүгін, 12:50
Сенат «Құрылыс кодексі» мен «Банктер туралы» заңды Мәжіліске қайтарды
Заң • Бүгін, 12:45
Түркістанда екі бала пиротехникадан зардап шекті
Оқиға • Бүгін, 12:33
Мемлекет басшысы Олжас Бектеновті қабылдады
Президент • Бүгін, 12:23
Алматыда биыл 20 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылды
Қоғам • Бүгін, 11:59
Мюнхеннен Бейжіңге бағыт алған ұшақ Алматыға шұғыл қонды
Оқиға • Бүгін, 11:52
Астанада «Соғым-FEST» жәрмеңкесі 5 күн бойы өтеді
Елорда • Бүгін, 11:40
2025 жылы Қазақстан спортшылары қандай жетістіктерге қол жеткізді?
Спорт • Бүгін, 11:30
Елімізде тоғыз банк тарату сатысында тұр
Банк • Бүгін, 11:21
Қонақ үйлер заманауи стандарттарға сай жаңартылады
Қоғам • Бүгін, 11:15
Елімізде туризм саласына тартылған инвестиция көлемі өсті
Туризм • Бүгін, 11:05
Құжаттар мен лицензиялардың мерзімін қалай уақытында ұзартып отыруға болады?
Қоғам • Бүгін, 11:00
Балқаш әуежайының модернизациясы қашан аяқталады?
Оқиға • Бүгін, 10:57
Ішкі жалпы өнімдегі орта бизнестің үлесі қандай?
Бизнес • Бүгін, 10:45