Соңғы жылдары дамуына айрықша мән беріліп, арнайы жоспар-жобалар, бағдарламалар іске қосылған Жаңаөзенде бүгінге дейін біраз нысандардың тұсауы кесілгені көпке аян. Жаңадан ашылған мектеп, балабақшаларда жас жеткіншектер білім-тәрбие алып жатса, Теңге, Қызылсай ауылдарында бой көтерген мәдениет үйлерінде осы саланың жұмысы жүріп жатыр. Жаңарған шағын дәрігерлік пункт немесе кәсібін бастаймын деушілерге құтты орын болған бизнес-инкубатор, мұнайшыларға арналған қызметтік ғимараттар да соңғы жылдардың жаңалығы. Бір сүйсінерлігі, мұндай жаңашыл істердің бірқатарының басы-қасынан «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ пен оның еншілес кәсіпорны «Өзенмұнайгаз» АҚ табылып жүреді. Жаңаөзен қаласы тұрғындарын қуанышқа бөлеген Неке сарайы құрылысында да аталмыш мұнай мекемелерінің үлесі бар. Жер қойнауын пайдаланушы ретінде Жаңаөзен қаласы мен Қарақия ауданы инфрақұрылымының дамуына атсалысуды парыз деп білетін мұнай компаниялары жыл сайын мұнайлы қала үшін 750 мың теңге, ал Қарақия ауданы үшін 150 мың теңге көлемінде көмек көрсетіп келеді. Жаңаөзендіктер мен қала қонақтары үшін көзайым болған Неке сарайы осы қолдау демеушіліктің бірі екен.
Қала орталығынан салынған нысанның сыртқы бейнесі көрікті, іші кең, жарық, әрі әдемі безендірілген. Жаңаөзен қаласына жұмыс сапары барысында Неке сарайының тұсауын кескен Маңғыстау облысының әкімі А.Айдарбаев аталмыш нысанның жаңаөзендіктердің некеге тұру, нәрестелі болу, күміс, алтын тойлары сынды әрбір қуанышты сәтін тойлайтын мекен болатындығына тілектестігін білдірді. Сондай-ақ, Неке сарайының табалдырығын алғаш аттап, некесін жаңа ғимаратта тіркеткен жұптар – М.Асқаров пен З.Тәңірбергеноваға, А.Мұсаев пен З.Дерекбаеваға шетелде демалу үшін арнайы жолдаманы сыйға тартты. Жұбайлық өмірлерін тосын сыймен бастаған жастардың қуанышында шек болған жоқ.
Жақсылық мұнымен шектелмесін, тәуелсіз еліміздің керегесін кеңейтіп, шаңырағын биіктете түсер қаракөздерді құтты жолға бастайтын босаға болғай десті жұрт.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Маңғыстау облысы.

Астанада бір көшеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Елорда • Кеше
Алматы облысында 73 майдангердің есімі көшелерге берілген
Өшпес даңқ • Кеше
Орлов шахтасында жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Кеше
Президент бірқатар заңға қол қойды
Президент • Кеше
Туған жер құрметінен қанаттанып…
Әдебиет • Кеше
1 шілдеден бастап ипотека кімдерге берілмейді?
Ипотека • Кеше