06 Мамыр, 2014

ЭСКАТО-мен ынтымақтастықта белсенділік күтіледі

280 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты үшін Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО) атқарушы хатшысы Шамшат Ахтармен кездесті. Кездесу барысында екіжақты ынтымақ­тастықты тереңдетудің мәселелері талқыланды. Қазақстанның ЭСКАТО-мен өзара іс-қимылындағы ма­­­­ңызды аспектілердің бірі БҰҰ-­ның Орталық Азия елде­рі экономикасы (СПЕКА) үшін ар­­найы бағдарламасын жүзе­­ге асыру болып табылады. «Осы орайда біз өткен жылы Ал­ма­ты­да ЭСКАТО мен БҰҰ-ның Еуропа экономикалық комис­сия­сының бірлескен офисі ашы­луын құптайтын болсақ, мұның СПЕКА-ны жүзеге асы­руда айтарлықтай маңызы бар», деп атап өтті Қазақстан сырт­қы сая­сат ведомствосының бас­шысы. Қазақстан ЭСКАТО-мен біз­дің өңірімізде көлік инфра­құ­рылымдарын айтарлықтай жақ­сартуға ықпал ететін нақты бағдарламаларды жүзеге асыруда ынтымақтастық белсенді бола түседі деп есептейді. Қазақстан үшін орнықты даму көкейкесті мәселе болып табылады. «Біз ЭСКАТО-ның «Жасыл көпір» әріптестік бағдарламасын одан әрі ілгерілетуге ықпалын күтетін боламыз», деп мәлімдеді Е.Ыдырысов. Сұхбаттастар, сондай-ақ, энергияның қайталама көз­де­рі саласындағы ықтимал ын­ты­мақтастық мәселелерін тал­қы­лады. Қазақстан сыртқы саясат ведомствосының басшысы Ш.Ахтарды Қазақстанда қай­та­лама қуат көздерін дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етіп, ЭСКАТО-ны қайталама энергия саласындағы өзінің табыстарын көрсетуге шақырды. Ол, сонымен қатар, өңір елдері өздерінің павильондарын 2017 жылы Астанада өтетін халықаралық ЭКСПО көрмесіне шығарады деген үмітін білдірді. Келіссөздің маңызды мәсе­лелерінің бірі Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіп­сіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасын ілге­рілетуі туралы болды. Е.Ыды­­рысов БҰҰ Бас хатшы­сы­­ның орынбасарын Қазақ­стан­ның өңірдің кемшін дамыған елдеріне олардың инклюзивті теңдік және орнықты даму мақсатында қолдау көрсету ниеті бар екенінен хабардар етті. Өз кезегінде Ш.Ахтар ха­ным Қазақстанның жедел эконо­микалық дамуын атап өте келіп, екіжақты ынтымақтастықты әрі қарай да дамытуға дайын екенін мәлімдеді. «Егемен-ақпарат».