Қаржы • 04 Тамыз, 2022

Доллар бағамы төмендеді

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар бағамы сәл төмендеп, 475-479 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Доллар бағамы төмендеді

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Нұр-Сұлтанда 1 доллар 474 – 479 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 475 – 480 теңге аралығында құбылып тұр. 3 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,42 теңгеге қымбаттап, 476, 07 теңге болған.

Ұлттық банктің 4 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 476, 27 теңге.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7,4 – 7,8 теңге аралығында саудаланып жатыр.