Қоғам • 04 Тамыз, 2022

Қазақстанда киім бағасы қымбаттады

654 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Маусым айында ел дүкендеріндегі сауда сөрелерінде аяқкиім мен киім бағасы бір жылда 9,7%-ға қымбаттаған, деп хабарлайды Egemen.kz Energyprom.kz ақпаратына сілтеме жасап.

Қазақстанда киім бағасы қымбаттады

«Маусым айында аяқ киім мен киім айлық межеде 1,4%, жылдық межеде 9,7% қымбаттады. Бір айдың ішінде аталған тауарлардың бағасы Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында ерекше өскен. Ал жылдық межеде Маңғыстау және Қызылорда облыстарының қатарына Атырау облысы қосылған», деп жазылған мәліметте.

Былтырғы маусымнан бері ер адамдардың іш киімі - 15,6%, майка - 14,9%, джинсы шалбар - 10,7%, спорт киімдері - 10%, шұлық - 9,7%, қысқы күртелер - 8,7%, жүнжейде - 5,4%, маусымаралық пальто - 6,7%, костюм-шалбар - 4,3%-ға қымбаттаған.

Ал жазғы туфли мен шақай бағасы - 11,6%, қысқы етік бағасы - 10,4%, маусымаралық бәтеңке бағасы - 8,9%, кроссовка бағасы - 7,9%-ға өскен.

Әйелдер киімінің арасында бір жылда көйлектер - 11,9%, қысқы күрте - 10,8%, бюстгальтер - 9,6%, костюмдер мен белдемшелер -  9,1%, спорт киімі - 8,8%, халат - 8,3%, тері тондар - 7,9%, джинсы шалбар - 6,4%-ға қымбаттаған.

Балалар киімінің ішінде бір жылда футболка - 12,8%, пижама - 11,9%, шұлық - 10,9%, маусымаралық күрте - 10,5%, қысқы комбинезон - 10,3%, қысқы күрте - 9,7%, джинсы шалбар - 9,3%, шалбар - 9,1%, спорт киімі - 7,9%, көйлек - 6,8%, жүнжейде - 6,4%, костюм - 6,2%, оқушының костюм жиынтығы - 5,7%, балалардың қысқы аяқкиімі - 15,9%, кроссовка - 15%, туфли - 13,4%, қыздардың туфлиі - 9,7% көтерілген.