Спорт • 04 Тамыз, 2022

«Super Bol!» Қазақстан ұлттық құрамасының аңыздарымен ойнайды

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Super Bol!» әлеуметтік-футбол жобасының ойыншылары 7 тамыз күні Алматының Орталық стадионында Қазақстанның 2006-2008 жылдардағы құрамына қарсы ойынға шығады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Super Bol!» Қазақстан ұлттық құрамасының аңыздарымен ойнайды

Матчқа арнайы  нидерландтық маман Арно Пайперс келеді. Бұдан бөлек, аталған кездесуге мадридтік «Реал» мен миландық «Интердің» экс-ойыншысы Эстебан Камбьяссо қатысады.

Финалдық іріктеудің жеңімпаздары бір ай бойы Талғардағы ұлттық құраманың базасында дайындық жасап жатыр. Әр апта сайын жігіттер жолдастық кездесулерді өткізуде. Олар үшін бала кездегі кумирлеріне қарсы ойнау нағыз емтихан болмақ. Жоба Freedom Broker инвестициялық компаниясының қаржылық көмегімен және ҚР Президенті жанындағы Dara дарындыларды қолдау қорының бастамасымен жүргізілуде.

Қазақстанның аңыздар құрамасында алаңға Самат Смақов, Давид Лория, Нұрбол Жұмасқалиев, Андрей Карпович, ағайынды Азовскийлер, Фархадбек Ирисметов, Дмитрий Бяков, Александр Кучма, Максим Жалмагамбетов, Қайрат Әшірбеков, Данияр Мұқанов, Сергей Бойченко, Юрий Новиков, Игорь Солошенко, Руслан Балтиев, Эдуард Сергиенко және де ұлттық құраманың 2006-2008 жылғы басқа да ойыншылары шығады.

Бұрынғыдағыдай, ардагерлердің бас бапкері Арно Пайперс болса, матчтың шоқ жұлдызы, мадридтік «Реал» мен миландық «Интердің» экс-ойыншысы Эстебан Камбьяссо болмақ. Ол Қазақстанның жұлдыздар құрамасында өнер көрсетеді.

Матч Qazsport арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Бұдан бөлек, матч әлеуметтік тұрғыдан ерекшеленбек. Билеттерден түскен қаржы қайырылымдылыққа жұмсалады.