06 Мамыр, 2014

Парламенттік тыңдау

390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Онда экономика саласына кадрлар дайындау мәселесі талқыланады 16 мамырда Парламент Мәжілісінде «Техникалық, кәсіптік және жоғары білім беру жүйесінде экономика салалары үшін кадрлар даярлаудың сапасы мен перспективалары» тақырыбында парламенттік тыңдау өтеді, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Шараның бастамашысы және ұйымдастырушысы палатаның Әлеуметтік-мәдени даму комитеті. Комитет төрайымы Гүлнәр Ықса­но­ваның атап өткеніндей, экономика саласын кәсіби мамандармен қамтамасыз етуге қатысты шешімін таппаған мәселелер осы шараға түрткі болып отыр. Олардың қатарында мамандарды дайындау деңгейі, ауыл шаруашылығы, өнер­кәсіп, еңбек нарығында теңге­рім­сіздікті жою, жұмысшы және инженер-техникалық кадр­ларды дайындау, білім бағдар­ла­маларының экономика сұра­ны­сымен сәйкестілігі, басқа да мә­селелерді атап өтуге болады. Талқылауға министрліктер, ұлттық компаниялар басшылары, жұмыс беру қауымдастығы өкілдері, ЖОО ректорлары, кәсіби және техникалық білім беру ұйымы директорлары шақырылған. Парламенттік тыңдау қоры­тындысы бойынша тиісті ұсыныстар қабылдау жоспарлануда.