Үкімет • 06 Тамыз, 2022

Пияз бағасы қымбаттады

435 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет басшысы Әлихан Смайылов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын ұстап тұру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Пияз бағасы қымбаттады

Әлихан Смайылов кеңес барысында пияз бағасының қымбаттағанына тоқталды.

Мәселен, соңғы айда пияз бағасы орта есеппен 11,9%-ға өскен. Бір айда Батыс Қазақстан, Жетісу, Түркістан облыстарында және Алматы қаласында бағаның ең жоғары өсуі тіркелген.

«Әріптестер, қантпен болған жағдайдың объективті сыртқы себептері болса, пияз бойынша жағдай – жүргізілген жұмыстың шалалығының нәтижесі. Әкімдіктердің барлық мүмкіндіктері болды, олардың қатарында астықты жеткізу бойынша уақытылы келісім-шарттар жасасу тетігі бар. Өңірлер әкімдеріне оны тұрақтандыру қорларын толықтыру үшін белсенді түрде пайдалануды тапсырамын. Осы мәселеде әр жұмысты уақытылы орындау маңызды екенін атап өткім келеді», деді Әлихан Смайылов.