Туризм индустриясы комитеті қазіргі уақытта туристік қызмет субъектілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу жағдайлары жиілеп кеткені туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес туристік компаниялар жеке кәсіпкерлер немесе тиісті ұйымдық-құқықтық нысанда заңды тұлғалар ретінде тіркелуі тиіс. Жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде тіркеусіз, сондай-ақ рұқсатсыз турфирмалардың қызметі заңсыз. Алайда, өздерін туроператорлар ретінде көрсететін, бірақ туроператорлардың мемлекеттік тізіліміне енгізілмеген кейбір жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қолданыстағы заңнаманы бұзу фактілері жиілеп кетті.
Сонымен қатар гидтер, экскурсоводтар және туризм нұсқаушылары жұмыс берушімен келісім бойынша жалдамалы қызметкерлер немесе elisence порталында хабарлама жіберу арқылы жеке кәсіпкерлер ретінде жұмыс істей алады.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 463-бабына сәйкес тіркеу, рұқсат беру, хабарлама жіберу мiндеттi болған жағдайларда, тiркеусiз, рұқсатсыз, сол сияқты хабарлама жібермей кәсiпкерлiк немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасау заттары және (немесе) құралы тәркiлене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға – он бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады, ал лицензиясыз кәсiпкерлiк немесе өзге де қызметпен айналысу әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірісті (дивидендтердi), ақшаны, бағалы қағаздарды қосымша тәркiлеуге әкеп соғады», делінген ТИК хабарламасында.
Қазақстан Республикасының туризм саласындағы заңнамасы бұзылған жағдайда, уәкілетті орган Қазақстан Республикасында бару арқылы тексерулер және профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізуге мораторий аяқталғаннан кейін тексерулерді жүзеге асырады.
Өз кезегінде алаяқтық және заңсыз қызмет белгілері бар жағдайлар анықталған кезде, ҚР МСМ Туризм индустриясы комитеті құқық қорғау органдарына олардың құзыреті бойынша сұрау жолдайды.
«Осыған байланысты, туристік компанияларға жүгінген кезде азаматтар турагенттік қызмет туралы хабарламаның болуын және туроператордың лицензиясының болуын тексере отырып, барлық қажетті құжаттарды сұратуы қажет. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің және жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында туроператорлардың, турагенттердің, гидтердің, экскурсоводтардың және туризм нұсқаушыларының өзекті тізілімдері орналастырылған», делінген хабарламада.
Данилина Цинциннати турнирінің екінші айналымына шықты
Теннис • Бүгін, 09:28
Вакцина салдырғандар саны артты
Коронавирус • Бүгін, 09:17
1227 қазақстандық індеттен сауықты
Коронавирус • Бүгін, 09:08
Өткен тәулікте 1169 адам індет жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:01
Елордалықтарды жылы әсерге бөледі
Театр • Бүгін, 08:48
Спорт • Бүгін, 08:47
Спорт • Бүгін, 08:46
Спорт • Бүгін, 08:45
Спорт • Бүгін, 08:43
Аймақтар • Бүгін, 08:43
Қоғам • Бүгін, 08:40
Спорт • Бүгін, 08:38
Спорт • Бүгін, 08:37
Музейге тарту еткен жәдігерлер
Таным • Бүгін, 08:35
Әдебиет • Бүгін, 08:33
Алла үйіне «алуға» баратындар азаяр емес
Қоғам • Бүгін, 08:30
Қоғам • Бүгін, 08:28
Қолдау деп осыны айт: Жас кәсіпкерлер 1,5 млн теңгенің грантына ие болды
Бизнес • Бүгін, 08:25
Қоғам • Бүгін, 08:23
Қоғам • Бүгін, 08:21
Саясат • Бүгін, 08:15
Балалар демалысына 130 миллион теңге бөлген
Қоғам • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өзге тілді сыныптарда қазақ тілі қалай оқытылады?
Білім • Кеше
Аймақтар • Кеше
Щучинск қаласы Абылай хан атана ма?!
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Қанағатпен өмір сүретін шенеунік қайда?..
Қоғам • Кеше
Абай ілімін ашу – рухани кемелденуге апарар жол
Абай • Кеше
Экономика • Кеше
Экономика • Кеше
Көпбалалы аналардың қолдаушысына айналған орталық
Аймақтар • Кеше
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Таным • Кеше
Ұқсас жаңалықтар