Оқиға • 07 Тамыз, 2022

Оралда стадионнан адамның денесі табылды

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оралда пышақ жарақаты бар ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды  Egemen.kz  БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оралда стадионнан адамның денесі табылды

ПД мәліметінше, оқиға 6 тамыз күні шамамен сағат 21.30-да Исатай-Махамбет көшесінің бойында болған.

«П.Атоян атындағы стадион маңынан 1974 жылы туған ер адамның мүрдесі табылды. Оның денесіне бірнеше жерден пышақ салынған. Қазір ҚР ҚК 99-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, күдікті іздестіріліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», деп хабарлады ведомстводан.

Қала тұрғындарының айтуынша, марқұм бірнеше кафе, дүкені бар кәсіпкер болған.