Тарих • 08 Тамыз, 2022

Отырардан сыр шертер көрме

603 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Атыраудағы тарихи-өлкетану музейінде құн­ды жәдігерлер қо­йыл­ған ерекше көрме өтіп жатыр. Көрмеге Отырар қаласының тарихынан сыр шертер 80-нен астам құнды жә­дігер қойылған.

Отырардан сыр шертер көрме

«Отырар» мемлекеттік ар­­хео­логиялық музей-қоры­ғы­ның директоры Жанкелді Махашовтың айтуынша, «Ұлы Жібек жолы және Отырар ал­қабының ортағасырлық өр­кениеті» атты көшпелі көр­ме жәдігерлері екі бөлімге жи­­нақталған. Алғашқы бө­лім­де ІХ-ХІІ ғасырлар кезін­дегі Отырардың тыныс-тірші­лігін баяндайтын зерттеулер нәтижелері, сол дәуірге тән түпнұсқа жәдігерлер ұсы­нылған. Ал екінші бөлімде әйгілі сұлтан Әмір Темір дә­уірі мен Қазақ хандығы тұ­сын­дағы Отырар қаласының ­да­муын айшықтайтын зат­тай ­жә­дігерлер қойылған.

– Ұлы Жібек жолының бо­­­йын­да орналасқан орта­ға­сыр­лық Отырар қаласының та­рихы тым тереңде жатыр. Ар­хео­логиялық қазба жұ­мыс­тары кезінде әйгілі ойшыл Әл-Фараби дүниеге келген та­рихи шаһардан X-XII ға­сыр­ларға тиесілі көп жәді­гер табылған. Оның ішінде тұғырлы майшамдар, сан түрлі үлгіде жасалған қазандар мен құмыралар, су құбырының бөлшектері, сәнді саптыаяқтар, алуан пішіндегі қақпақтар, тостаған мен табақтар, сия сауыт пен кесе, моншақтар мен түймелер коллекциясы бар, – дейді Жангелді Махашов.

Мұнайлы өңір тұрғын­да­рының назарына Ташкент, Яссы, Бұқара, Самарқанд, Ша­ғатай, Қараханид, Қытай тең­гелері мен дирхемдері ұсы­нылып отыр. Көне жәді­гер­лердің арасында Аламбик шынысынан жасалған түрлі ыдыс пен шыны ваза, қала ғимараттарын қаптаған жазуы бар қаптамалар мен өрнекті кірпіштер, политра мен сфераконус, селадон фарфорынан жасалған Қытай ыдыс­тары назар аударады. Сол ке­зеңдегі «Диуани Хикмет» пен «Тартиби Зибо» грамматикалық еңбегінің, «Мулла Қасым» діни кітаптарының алар орны ерекше екені даусыз.

 

Атырау облысы