АСТАНА. 6 мамыр. Нигериядағы «Боко Харам» экстремистік тобы осыдан үш апта бұрын елдің солтүстігіндегі мектептердің бірінен ұрлап әкеткен оқушы қыздарды сатпақшы болып отыр. Бұл туралы Rbc.ru хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, 14 сәуірде «Боко Харам» содырлары Нигерияның солтүстігіндегі Борно штаты Чибок елді мекеніндегі мектептердің біріне шабуыл жасап, 230 оқушы қызды ұрлап әкеткен болатын. Экстремистік топ басшысы Абубакар Шекау ұрланған қыздарды сатпақ ниетте екенін айтып, бейнехабарлама таратты.
Аталмыш топ биылғы жылдың басынан бері жүздеген адамның өліміне себепші болған екен. Мәселен, үстіміздегі жылдың 20 ақпанында «Боко харам» содырлары Нигерияның солтүстік-шығысындағы Бама қаласына шабуыл жасап, 60 адамды мерт еткен. Ал 25 ақпанда олар мектепке кіріп, 29 оқушыны атып өлтірген. Сондай-ақ наурыздың басында аталмыш топ мүшелері Майдугури қаласында теракт ұйымдастырып, 50 адамды өлтірген. Ал сәуірдің басында олар Нигерияның солтүстік-батысында қауым жетекшілері мен өзін-өзі қорғау жасағы мүшелеріне шабуыл жасап, 80 адамды қырып салды.
Айдар Өрісбаев.
Дереккөз: Rbc.ru.
Фото: Interfax.ru.

Астанада Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты салтанатты түрде қарсы алды
Елорда • Бүгін, 02:45
Қоғам • Кеше
«Атырау» футбол клубы сатылымға шығарылды
Футбол • Кеше
Мойынқұм ауданында өрт сөндіру бөлімі ашылды
Аймақтар • Кеше
Мобилді операторды ауыстыру тәртібі өзгеретін болды
Қоғам • Кеше
25 ақпанға дейін салықтарды төлеп үлгеріңіз
Салық • Кеше
«Реал» бас бапкерге байланысты шешім қабылдады
Футбол • Кеше