АЛМАТЫ. 6 мамыр. Осыдан бірнеше жыл бұрын су тасқыны салдарынан қара жамылған Алматы облысындағы Қызылағаш ауылының тұрғындары Көкпекті ауылына гуманитарлық көмек жолдады. Бұл туралы gazeta.kz хабарлады.
Бастарына қиын күн туғанда талайдан материалдық жәрдем, рухани күш алған қызылағаштықтар Қарағанды облысындағы Көкпекті ауылының тұрғындарына шын ықыластарымен 10 тонна азық-түлік: ұн, қант, макарон өнімдерін, өсімдік майы мен түрлі тәттілер жіберген.
«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы өкілдерінің айтуынша, зардап шеккен елді мекен тұрғындары қызылағаштықтардың оң пейілдеріне алғыстарын білдірді.
Су тасқынынан зардап шеккен Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Көкпекті ауылына еліміздің түкпір-түкпірінен түрлі қайырымдылық көмектер келуде.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: gazeta.kz.
Фото: gazeta.kz.
• 06 Мамыр, 2014
Қызылағаштықтар Көкпектідегі ағайындарға гуманитарлық көмек жіберді
АЛМАТЫ. 6 мамыр. Осыдан бірнеше жыл бұрын су тасқыны салдарынан қара жамылған Алматы облысындағы Қызылағаш ауылының тұрғындары Көкпекті ауылына гуманитарлық көмек жолдады. Бұл туралы gazeta.kz хабарлады.
Бастарына қиын күн туғанда талайдан материалдық жәрдем, рухани күш алған қызылағаштықтар Қарағанды облысындағы Көкпекті ауылының тұрғындарына шын ықыластарымен 10 тонна азық-түлік: ұн, қант, макарон өнімдерін, өсімдік майы мен түрлі тәттілер жіберген.
«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы өкілдерінің айтуынша, зардап шеккен елді мекен тұрғындары қызылағаштықтардың оң пейілдеріне алғыстарын білдірді.
Су тасқынынан зардап шеккен Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Көкпекті ауылына еліміздің түкпір-түкпірінен түрлі қайырымдылық көмектер келуде.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: gazeta.kz.
Фото: gazeta.kz.
Астанада Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты салтанатты түрде қарсы алды
Елорда • Бүгін, 02:45
Қоғам • Кеше
«Атырау» футбол клубы сатылымға шығарылды
Футбол • Кеше
Мойынқұм ауданында өрт сөндіру бөлімі ашылды
Аймақтар • Кеше
Мобилді операторды ауыстыру тәртібі өзгеретін болды
Қоғам • Кеше
25 ақпанға дейін салықтарды төлеп үлгеріңіз
Салық • Кеше
«Реал» бас бапкерге байланысты шешім қабылдады
Футбол • Кеше