Медицина мекемесін аралау барысында министр маммография кабинетіне өтіп, маммографиялық аппараттың PACS жүйесіне қалай қосылғанымен таныс болды. Аталған жүйе пациенттің ауруының тарихын бірнеше дәрігердің бір жүйеден көруіне және уақытты барынша үнемдеуге көмек береді. PACS жүйесі Қызылорда облысының 13 медициналық ұйымына енгізілген.
Сондай-ақ министр облыстық денсаулық сақтау басқармасы медициналық ұйымдармен тығыз жұмыс істеп, цифрландыру бағытында жұмыстарды күшейту қажеттігін атап өтті.
Бұдан кейін Б.Мусин Қызылорда қаласының халыққа қызмет көрсететін цифрлы кеңсенің жұмысымен танысты. Аталған цифрлы кеңседе осы жылдың 6 айында азаматтарға 22 129 мемлекеттік қызмет көрсетілген.
Ведомство басшысы түстен кейін Қызылорда қаласындағы «Достық үйінде» өңір тұрғындарымен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап береді.