06 Мамыр, 2014

Атырауда Сарайшық туралы жаңа кітаптың тұсауы кесілді

544 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сарайшык туралы китап

АТЫРАУ. 6 мамыр. Атыраудағы Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада Сарайшық туралы жаңа кітаптың тұсауы кесілді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.

Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, «Қазақстан-Zaman» газетінің бас редакторы Ертай Айғалиұлының «Сарайшық ханшасы және Иван Грозный» атты кітабы «Таймас» баспа үйінен 1000 данамен жарық көрген.

Тұсаукесер барысында кітап авторы жиналғандардың көптеген сұрақтарына жауап берді.

«Сарайшық ханшасы және Иван Грозный» қос желілі тарихи романымда тарихымыздың терең қойнауында қалған Сарайшық қаласының сол кездегі (ІХ-ХVI ғасырларда) өмір тынысы, тіршілігі, өркендеу, гүлдену дәуірі және күйреуі аңыздық мифологиялық кейіпкер Аққу ханша және басқа да тарихи тұлғалар арқылы шынайы суреттеледі. 1581 жылы әлемдегі ең сұлу қалалардың бірі, Ноғай ордасы мен Қазақ хандығының астанасы болған Сарайшықты орыс патшасы Иван Грозный қираттырады. Бейбіт қаланың тұрғындарын байлығын тонайды. Қосарлы желіде Аягүл бастаған балалар қаланың тарихын зерттейді және өлі қаланың Жайық өзеніне жұтылып кетпеуі үшін күрес жүргізеді. Романның тартысты да, шытырман оқиғалары жас оқырмандарды ғана қызықтырмайды, тарихи-танымдық тұрғыда айтылған мәселелер аға буынның да назарын аударары сөзсіз», -деді Е.Айғалиұлы.

Жолдасбек Шөпеғұл.

Дереккөз: egemen.kz.

Фото: egemen.kz.