Қоғам • 10 Тамыз, 2022

Жарты жылда Қазақстаннан 12 мыңнан астам адам көшіп кетті

459 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық статистика бюросының жаңарған деректеріне қарағанда, 2022 жылдың қаңтар-маусым айларында Қазақстанға 7287 адам келсе, елден 12 344 адам кеткен. Осылайша, көші-қон сальдосы 5057 адамды құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жарты жылда Қазақстаннан 12 мыңнан астам адам көшіп кетті

«Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүріп жатыр. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 84,5%-ды, көшіп кеткендердің үлесі-жалпы көшіп-қонушылар санының 83%-ын құрады», делінген бюро ақпаратында. 

Сондай-ақ, ел ішінде көшіп-қонушылар саны 1,4%-ға азайғанын айта кету керек.

Өңіраралық ауысулар бойынша халық көші-қонының оң сальдосы елдің үш өңірінде қалыптасты: Алматы (17 691 адам), Нұр-Сұлтан (15 753 адам) және Шымкент (1883 адам) қалалары.