Аймақтар • 11 Тамыз, 2022

Алматыда көпқабатты автотұрақтар салынады

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы шаһар басшысы Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда көпқабатты автотұрақтар салынады

Кездесуге келген аудан тұрғыны автотұрақ мәселесін көтерді.

«Әуезов ауданындағы мәселелердің бірі - автотұрақ. Көшелер машинаға лық толы, көлік жүретін жолдар жартылай жабылып қалған. Нәтижесінде өрт сөндіру, жедел жәрдем көліктері кіре алмай қалады. Көпқабатты автотұрақтар салу керек деп ойлаймын», деді аудан тұрғыны.

Өз кезегінде Ерболат Досаев алдағы уақытта көпқабатты тұрақтар салынатынын мәлім етті.

«Жыл соңына дейін Алматы қаласында көпқабатты автотұрақтар салу бағдарламасын ұсынбақпыз. Бұл аулаларды ішінара босатады. 2023 жылы біз жеке инвесторлармен жұмыс істейміз», деп жауап берді қала басшысы.