Қоғам • 11 Тамыз, 2022

Шекара қызметі 8 мыңнан астам суық қару тәркіледі

512 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР ҰҚК Шекара қызметі азаматтарға мемлекеттік шекара арқылы тыйым салынған заттарды тиісті рұқсат құжаттарынсыз тасымалдағаны үшін жауапкершілік көзделетіні туралы ескертеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шекара қызметі 8 мыңнан астам суық қару тәркіледі

Осы жылдың басынан бастап ҰҚК Шекара қызметі шекара арқылы алып өтуге әрекет жасаған кезде 170 бірліктен астам оқ-дәрі, 8 мыңнан астам суық қару мен электрошокер тәркілеп, аң аулауға арналған мылтық әкетудің екі фактісінің жолын кесті.

«Тек соңғы аптада тексеру іс-шаралары барысында шекаралық бақылау жүргізу кезінде 60 аңшылық және 6 травматикалық патрон, қолдан жасалған екі пышақ анықталды», делінген ведомство ақпаратында.

Барлық жағдайларда ұсталған адамдар мен көліктер процессуалдық шешімдер қабылдау үшін құзыреті бойынша ішкі істер органдарына берілді.