Қазақстан • 12 Тамыз, 2022

Солтүстіккореялық кибертоп қазақстандық компанияларға шабуыл жасаған

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Компьютерлік вирустардан қорғау жүйесін әзірлеуге маманданған компанияның сарапшылары жаңа Andariel шабуылдарын анықтады. Бұл Lazarus құрамына кіретін солтүстіккореялық кибертоптың шабуылы екені анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Солтүстіккореялық кибертоп қазақстандық компанияларға шабуыл жасаған

Шабуыл жасау кезінде олар белгілі DTrack бағдарламасының модификациясын, сондай-ақ жаңа Maui төлем құралын пайдаланады. Кибертоп АҚШ, Жапония, Үндістан, Вьетнам, Ресей және Қазақстандағы ірі ұйымдарды нысанаға алған.

Andariel нақты компанияларға назар аудармайды, шабуылдаушылар үшін ең бастысы - ұйымның қаржылық жағдайы. Топ он жылдан астам жұмыс істеп келеді. 2022 жылы да зиянды бағдарламалар арсеналын және шабуыл географиясын кеңейтуді жалғастыруда.

АҚШ-тың киберқауіпсіздік және инфрақұрылымды қорғау агенттігінің шілде айындағы есебінде Andariel үкіметтік және денсаулық сақтау ұйымдарына Maui төлем бағдарламасы арқылы шабуыл жасағаны көрсетілген.