Қазақстандық спортшы ширек финалда үндістандық Ашмита Эшварамуртимен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда Г.Айнитдинова 5:1 есебімен алға кеткеннен кейін қарсыласы матчты жалғастырудан бас тартты.
Гөзал финалға шығу үшін ресейлік Татьяна Барковамен таласады. Ол ширек финалда әлемнің 311-інші, жарыстың 1-ракеткасы, отандасы Екатерина Казионованы ұтып кетті – 6:3, 6:1.
Тағы бір қазақстандық спортшы Жібек Құламбаева жұптық сында Е.Казионовамен бірге жартылай финалға шықты. Олар қазақстандық, 14 жастағы Мәлика Әмірғалиева мен қырғызстандық Владислава Андреевскаяны 6:4, 6:1 есебімен тізе бүктірді.
Ж.Құламбаева мен Е.Казионова жартылай финалда ресейлік Полина Яценко – Беларусь өкілі Дарья Шаухамен күш сынасады.