Қоғам • 13 Тамыз, 2022

Орал қаласында әуе рейстері қайта іске қосылады

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

FlyArystan әуекомпаниясы Оралға рейстердің қайта жанданатыны туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz әуекомпанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Орал қаласында әуе рейстері қайта іске қосылады

Әуетасымалдаушы компания мәліметінше, Алматыдан, Нұр-Сұлтаннан және Ақтаудан Оралға 2022 жылдың 20 тамызынан 20 қыркүйекке дейін ұшатын болады. 

Ұшу жиілігі рейстердің шектеулермен жанданғаны айтылады. 

Айта кетейік, 18 шілдеде Орал қаласының әуежайында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 1 тамыздан бастап FlyArystan әуекомпаниясы ішкі бағыттар бойынша Оралдан/ға орындалатын рейстерді тоқтатқаны айтылды. Алайда «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ Орал қаласының әуежайында әуе кемелерінің ұшуын шектемегенін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар