Теннис • 15 Тамыз, 2022

Анна Данилина АҚШ-тағы турнирде жеңімпаз атанды

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисші Анна Данилина жұптық сында АҚШ-тағы Ландисвилле (Пенсильвания) ITF W100 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Анна Данилина АҚШ-тағы турнирде жеңімпаз атанды

ҚТФ хабарлағандай, жарыстың бірінші ракеткалары болып тіркелген Анна Данилина америкалық Софи Чангпен бірге финалға дейін жетті.

Соңғы бәсекеде қазақстандық-америкалық жұп оңтүстіккореялық Хан-На Ли мен Джан-Су Йонгпен бас жүлдені сарапқа салды.

Данилина мен Чанг қарсыластарын 2:6, 7:6 (7:4), 11:9 есебімен ұтты.

Осылайша, Анна Данилина Халықаралық теннис федерациясы (ITF) өткізген турнирлерде 26-титулына қол жеткізді. Сонымен қатар WTA жарыстарында үш рет (2021 жылы – Poland WTA-250 және 2022 жылы – Sydney WTA-500, Warsaw WTA-250) жеңімпаз атанған еді.