Білім • 16 Тамыз, 2022

Докторанттар 195 мың теңге шәкіртақы алады

437 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жаңа оқу жылында шәкіртақы көлемі қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Докторанттар 195 мың теңге шәкіртақы алады

«Республикалық конкурстық комиссияның шешімі бойынша 56 375 грант тағайындалды. Бұдан басқа, жаңа оқу жылынан бастап бакалавриат деңгейінде стипендия 20% өседі. Ал, магистратура және докторантура стипендиясы 15% өседі. Енді жыл сайын 15-20 пайыз өсіп тұрады. Мысалы, докторанттар осы оқу жылынан бастап 195 мың теңге шәкіртақы алады. Бұл норма шамамен 161 мың білім алушыға қатысты», деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша батыс және халық тығыз қоныстанған өңірлердің жастары үшін 10 мың грант, «Серпін» жобасына 3 653 грант, шетел азаматтарына 490 грант бөлінгенін еске салды. Оның ішінде Орталық Азия елдерінің азаматтарына 150 грант, Ислам ынтымақтастығы ұйымдары елдерінің азаматтарына 100 орын қарастырылған.

Айта кетсек, студенттерге баға қою кезінде оның академиялық білімімен бірге әлеуметтік және зерттеу белсенділігін ескеретін пилоттық жоба қолға алынады.

Сондай-ақ индустрия мамандары мен топ-менеджерлер студенттердің дипломдық жұмыстарына жетекшілік етеді.