Қазақстан • 16 Тамыз, 2022

Зауыт сүзгілері ауыстырылды

441 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақсу ферроқорытпа зауытында жыл басынан бері үш газ тазарту жүйесінде жеңдік сүзгілер ауыстырылды. Оларды ұдайы ауыстыру кәсіпорынға газтазалағыштардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді және ферроқорытпа өндірісінің шығарындыларын азайтады.

Зауыт сүзгілері ауыстырылды

Жеңдік сүзгілер газды тазар­ту үшін қолданылады. Ме­талл балқыту кезінде газ түзі­леті­ні белгілі. Газдар газ тазарту жүйе­сіне тартылып, сүзгілерден өтеді. Соның салдарынан сүзгілердің бетінде ұсақ шаңдар қалады. Қон­дырғы 99 пайыз барынша тиімді жұ­мыс істеуі үшін сүзгілерді тұрақ­ты түрде алмастыру ма­ңыз­ды. Онымен кәсіпорынның арнайы қызметі айналысады.

Ақсу ферроқорытпа зауы­тында биыл үш балқыту цехының жең­дік сүзгілері ауыс­тырылды.

– Бүкіл әлемде қолданылып жүр­­­ген серитификаты бар, тексе­рістен өткен сүзгілерді ғана пайда­ланамыз. Әр газ тазалағыш­­тың өз сүзгісі болады. Сүзгілердің бар­лығы инновациялық мате­риал­­дардан жасалған. Олар сүз­гілер­дің беріктігін қамтамасыз етіп, оны пайдалану мерзімінің соңына дейін сақтайды. Пай­да­лану шарттарына байланыс­ты екі жылдан төрт жылға дейін қол­дануға болады. Сүзгілердің тозғанын күтіп отырмаймыз, оларды ертерек ауыстыра береміз, – дейді зауыттың бас экологі Инна Давыдова.

Оның айтуынша, күн суыт­қан­ша тағы үш газ тазарту кешеніне жаңа сүзгілер қойылады.

Бұдан бөлек кәсіпорында №4 бал­қыту пешінің газ тазарту құрылғысы жетілдіріліп жатыр. Былтыр мұнда №42 пеш үшін жаңа газ тазалау кешені салына бастады.

– Экология және табиғи ре­сурс­тарға ұқыпты қарау ERG үшін қашан да маңызды. Топта 2018 жылдан бері Экологиялық стратегия кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Стратегия аясында үздік инновациялық шешімдер енгізіледі. Қазір кәсіпорнымыз­дың барлық пеші газ тазартқыш қондырғылармен жабдықтал­ған. Ондағы сүзгілерді уақтылы жаңалап келеміз. Мұнымен шектелмей, тазалау деңгейі жоғары­лау әрі пайдалану сипаттамасы жақсартылған заманауи кешен саламыз, – дейді Ақсу ферроқорытпа зауытының директоры Валентин Чихичин.

Бүгінде №42 пеш газтазарт­қы­шының құрылыс алаңында ірі габаритті металл конструкция­лары монтаждалып, корпусы тұр­ғы­зылып жатыр. Кешен бұ­рын­ғы жылдардың тәжірибесіне сүйене отырып Siemens (Герма­ния) және ZVVZ (Чехия) өнді­рі­сінің жабдықтарымен жарақ­тан­дырылады. Олар иннова­ция­лық тазартқыш технология­лар мен шешімдер саласында әлем бойынша көш бастап тұр. Жаңа газтазартқышты Ақсу метал­лург­тері келесі жылдың соңында іске қосуды жоспарлап отыр.