Қоғам • 18 Тамыз, 2022

Елімізде «Алтын сақа» балалар әдебиеті шығармаларының байқауы өтеді

483 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ және «Қазақстан Жазушылар одағы» РҚБ «2022 жыл – Балалар жылы» аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Алтын сақа» балалар әдебиеті шығармаларының республикалық байқауын ұйымдастырады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде «Алтын сақа» балалар әдебиеті шығармаларының байқауы өтеді

Байқауға қатысушылар: қазақ әдебиетіне өзіндік үлес қосуды мақсат еткен 18-35 жас аралығындағы қаламгерлер. Сондай-ақ олар еркін тақырыпта проза жанрында ертегілер және шағын әңгімелер бағыты бойынша бақ сынайды.

Байқаудың мерзімдері:

- Байқауға қатысушы үміткерлер өздерінің шығармаларын [email protected], [email protected], [email protected] электронды пошталарына 2022 жылғы 19 тамызға дейін (қоса алғанда) жеке мәліметтерді толтырып (1-қосымша) жолдауы қажет;

- Байқау шығармалары – 2022 жылғы 31 тамызға дейін ­қазылар алқасының сараптамасынан өтеді;

- Байқау қорытындысы – 2022 жылғы қыркүйек айында жарияланады;

- Байқау қорытындысы бойынша 2 бағытта жинақталған барлық шығармалар іріктеліп, жинақ ретінде 2022 жылғы қараша айында басылып шығады.

Жеңімпаздар екі бағыт бойынша І, ІІ, ІІІ жүлделі орындар мен ынталандыру сыйлығымен марапатталады. Марапаттау рәсімі 2022 жылғы қыркүйек-қазан айларында өтеді.