Білім • 19 Тамыз, 2022

Оқу үлгерімі төмен оқушылар үшін арнайы жоба іске қосылады

822 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда оқу үлгерімі төмен 500 мыңға жуық бала бар. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов педагогтердің республикалық тамыз конференциясында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқу үлгерімі төмен оқушылар үшін арнайы жоба іске қосылады

«Елімізде «Цифрлық педагог» жобасы басталады. Қазіргі кезде оқу үлгерімі төмен 500 мыңға жуық бала бар. Осы балаларды аталған жобамен қамтитын боламыз. Оқу үлгерімі төмен балалар үшін әр жұма сайын бірнеше пән бойынша қосымша сабақтар беріледі», деді А. Аймағамбетов.

Осы орайда ол аталған балаларға психологтар да көмектесетінін айтты.

«Бұл жобаны жаңа оқу жылынан бастап еліміздің барлық өңірінде енгіземіз», деді ведомство басшысы.

Соңғы жаңалықтар