Қаржы • 22 Тамыз, 2022

Нарықта теңге нығая түсті

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

KASE Қазақстан қор биржасы 15:30-да доллардың орташа бағамы 2,46 теңгеге төмендеп, 473,99 теңгені құрағанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Нарықта теңге нығая түсті

Қытай юанінің орташа бағамы 69,33 теңгеге (-0,45) дейін төмендеді.

Ресей рублінің орташа бағамы 7,88 теңгені (-0,11) құрады.

Еуро бойынша сауда-саттық жүргізілген жоқ.

Ұлттық банк 479,86 теңге бағамын белгіледі.

Айырбастау пункттерінде долларларды 475-479 теңгеден, еуроны - 483-480 теңгеден, ресей рублін - 7,2-7,6 теңгеден сатып алады/сатады.