«Қазақстан мен Әзербайжан президенттері Каспий теңізінің жағасын аралап көріп, мұнда орнатылған қазақтың киіз үйіне кірді», деп жазылған ресми хабарламада.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Әзербайжанға ресми сапары кезінде осы елдің жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиев пен оның жұбайы Зарифа Әлиеваның бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысқан еді.