Президент • 24 Тамыз, 2022

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әзербайжанға ресми сапары аяқталды

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы БОРТ№1 Telegram каналында хабарланды, деп жазады Egemen.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әзербайжанға ресми сапары аяқталды

Бұған дейін келіссөздер қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізген еді.

«Ең алдымен, керемет қала Бакуға ресми сапармен келуге шақырғаны үшін шын жүректен ризашылығымды білдіргім келеді. Біз бүгін кең ауқымды мәселелер жөнінде жемісті келіссөз жүргіздік. Әзербайжан Президенті дұрыс атап өткендей, ешқандай проблема, кедергілер болған жоқ. Керісінше, экономикалық салада болсын, гуманитарлық бағытта болсын нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін күш-жігерді арттыруға өзара ниет таныттық», деді Мемлекет басшысы.