26 тамыз күні таңертең Анна Данилина американдық турнирдің жартылай финалына шыққанын хабарлаған едік. Біраз уақыттан кейін турнирдің ресми сайты 1/2 финал кезеңінде қазақстандық теннисшінің қарсыластары ойыннан бас тартқанын хабарлады. Қарсыластар әлемдегі ең мықты жұптардың бірі - Чехия өкілдері Барбора Крейчекова мен Катерина Синякова болған.
Алдағы уақытта жапондық С.Аояма мен Тайпей өкілі Х.Чан және АҚШ теннисшісі Н.Меличар-Мартинес пен австралиялық Э.Перес арасында кездесу өтеді. Данилина мен Крунич дуэті сол кездесудің жеңімпазымен күш сынасады.