Әлем • 26 Тамыз, 2022

Сингапурда маска тағу режимі алынып тасталды

167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сингапурда 29 тамыздан бастап жабық орындарда маска тағу режимі алынып тасталынады, деп хабарлайды Egemen.kz Travel Daily Media сайтына сілтеме жасап.

Сингапурда маска тағу режимі алынып тасталды

Сингапурда COVID-19 бойынша жағдай тұрақтанды. Ел билігі 29 тамыздан бастап маска кию талабын алып тастау туралы шешім қабылдады. Енді қала тұрғындары мен қонақтары жабық орындарда маска тағуға міндеттелмейді.

Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі 28 тамыздан бастап жеті күндік карантин талабын алып тастап, екпе алмаған саяхатшыларға арналған ережелерді жаңартты.

Бұдан былай саяхатшылар Сингапурға барар алдында екі күн ішінде коронавирусқа қарсы тест тапсырса болғаны.

Айта кетейік, биыл Сингапурда Сингапур Гран-приі (Сингапурдағы Формула 1 Гран-приі) және Gardens by the Bay ойынының 10 жылдығын мерекелеу өтеді.

Соңғы жаңалықтар