Аймақтар • 28 Тамыз, 2022

Алматыда базардан өрт шықты

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда «Саудакент» базарынан өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда базардан өрт шықты

Қалалық ТЖД баспасөз өкілдерінің мәліметінше, өрт жарты сағат ішінде сөндірілген.

«Қалалық ТЖД мәліметінше, 28 тамызда сағат 02: 09-да Жетісу ауданы, Райымбек даңғылы, «Саудакент» базарына жоғары дәрежелі өрт сөндірушілер жіберілген. Алғашқы бөлімшелер 6 минуттан кейін оқиға орнына келді. Бұл уақытта базар аумағында 260 шаршы метр аумақта бір қабатты дәмхана өртеніп жатыр. Өрттің көршілес ғимараттарға таралу қаупі пайда болды», деді ТЖД өкілдері.

Өрт 2.39-да оқшауланып, 2.44-те жойылды. ТЖД қызметкерлері жедел әрекет етіп, жақын маңдағы әкімшілік ғимаратқа жалынның таралуына жол бермеді.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына 16 бірлік техника және жеке құрамнан 47 адам шықты.