Оқиға • 30 Тамыз, 2022

Алматыдан 360 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыдан 360 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді

Жерасты дүмпуі 30 тамыз күні Алматы уақытымен 22 сағат 05 минутта болған.

Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 360 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан.

Энергетикалық класы - 9.1.

MPV магнитудасы – 4.1, бағыты 40.01° с.е 77.58° ш.б.

Тереңдігі – 5 шақырым. Сезілгені жайлы мәлімет жоқ.