13 Мамыр, 2014

Аялы алақан

609 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Елімізде қамкөңіл жандарға жасалып жатқан игі шаралар жет­ерлік. Соның бірі жуырда Астанадағы «Балалар үйі» меке­месінде өтті. Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясының еншілес кәсіпорны «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ ұжымы атал­ған балалар үйінің тәрбиеленушісі Анастасия Зубованы қоғам қам­қорлығына алып, оған 530 мың теңгелік сертификатты табыс етті. Бүлдіршіннің банктегі арнайы ашылған есеп шотына ол он сегіз жасқа толғанша жыл сайын осындай қаржы аударылып тұрмақ. Бұл оның болашақта жоғары оқу орнына түсіп, білікті маман болуы үшін жасалып жатқан игілікті шара болмақ. IMG_8494 IMG_8531 «Елбасы Нұрсұлтан На­зар­баевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты ел халқына Жолдауы аясында «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ басшылығы мен қызметкерлерінің қатысуымен өткен кеңесте әлеуметтік ахуалы төмен, өмірдің қадамын балалар үйінде бастап, ата-ана жылуын көрмей өсіп келе жатқан жасөспірімдерді қоғам қарамағына алу, сонымен қатар, оларды жоғары білім беру мекемелерінде оқыту үшін қаражат жинастырып, болашақта жұмысқа орналасуға барынша атсалысуды жүзеге асыру мақсатында ұжымдық шешім қабылданған-ды. Бүгінгі таңда осы ұжымдық шешімімізді іске асыруда Өскемен қаласындағы балар үйінің екі жасөспірімі мен Қарағанды қаласындағы балалар үйінің бір баласы қоғам ұжымының патронаттық қарамағына алынды. Бұйыртса жақын арада өзге де қа­лаларда орналасқан балалар үйін­дегі халқымыздың жас­өс­пірім­деріне қолдау көрсетуді ниет етуде­міз», – дейді шарада сөз ал­ған­ «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ-тың экономика және қар­жы жөніндегі вице-президенті Нұр­жан Дәулетбаев. Сондай-ақ, бүгін­гі сертификат иесі А.Зубова өзі­не жасалған қамқорлыққа шек­сіз риза екендігін айтып, бола­шақ­­та еліміздің білімді азаматы бо­­лу үшін барын салатындығын жет­­кізді. Салтанатты шара арнайы кон­церттік бағдарламамен өз жалға­сын тауып, жиылған жұртқа ерекше көңіл-күй сыйлады. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК, «Егемен Қазақстан».