13 Мамыр, 2014

Бас прокуратура жас мамандарды тәрбиелеуге кірісті

270 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Еліміздің Бас прокуратурасы өз саласындағы жас мамандардың кәсіби деңгейлері мен білім-білігін арттыра түсуге айрықша көңіл бөле бастады. Кеше Астанада осы мақсатта тұңғыш рет ашылған арнайы курс іске кірісті. 12-05-14-Proruratura-1   Осыған арналған жиынды Бас прокурор Асхат Дауылбаев бас­тап берді. Ол өз сөзінде құқық қорғау жүйесін одан әрі жаң­ғыр­тудың мемлекеттік бағдарла­ма­­сын, сондай-ақ құқық қорғау ор­ган­­­дарының құқықтық саяса­ты тұ­жы­рымдамасын жүзе­ге асыру шең­­берінде қадағалау орган­да­ры­ның алдына қойылған басты мін­деттердің бірі тиімді кадрлық әлеу­етті қалыптастыру және нығайту болып табылатынын сөз етті. Прокурорлық қадағалаудың тиімділігі, азаматтардың сенім деңгейі қызметкерлердің кәсібилігіне және құзыреттілігіне, олардың іскерлік және моральдық қасиеттеріне тәуелді. Сондықтан жас мамандарды даярлау және олардың кәсіби қалыптасу мәселелері ерекше маңыздылыққа ие болады. Жас прокурорларға арнап сөз сөйлей отырып, А.Дауылбаев оларды әрдайым қойылатын талаптарға жоғары деңгейде сәйкес келуге, өздерінің қызметтік міндеттерін ойдағыдай орындауға, азаматтық құқықтар мен бостандықтардың, қоғам мен мемлекет мүдделерінің күзетінде болуға, күнделікті еңбекпен прокуратураның беделін нығайтуға, прокурорлық этиканың нормаларын мүлтіксіз сақтауға, прокурорлық кәсіптің керемет дәстүрлерін көбейтуге шақырды. Жиында Президент Әкім­шілігінің өкілдері, еліміздің ал­дыңғы қатарлы жоғары оқу орын­дарының жетекшілері, прокуратура органдарының ардагерлері жас мамандарға жылы лебіздерін біл­дірді. Мұнда сала ардагерлері Мақсұт Нәрікбаев, Оңалсын Жұ­ма­беков жиналған жас мамандар алдында сөз сөйлеп, прокуратура органдарының жұмыстары төңі­регіндегі өз тәжірибелерінен көптеген мысалдар келтірді. Екі апталық курстар барысында тыңдаушылар алдында Бас прокуратураның департамент басшылары, өңірлік прокурорлар сөз сөйлеп, жас мамандар алдында қадағалау қызметінің негізгі бағыттары бойынша өздерінің бай тәжірибелері мен жинаған білімдерін жайып салады. Оқыту бағдарламасында ше­шендік өнер, көшбасшылық қа­­сиеттер, заңгерлік хаттардың техни­касы тәрізді қажетті қосымша дағдыларды дамытуға бағытталған арнайы сабақтар, сондай-ақ, стресс тұрақтылығы бойынша тренингтер өткізу жоспарланып отыр. Серік ПІРНАЗАР, «Егемен Қазақстан».