Президент • 01 Қыркүйек, 2022

18 жасқа толғанға дейін балалардың есепшотына қанша ақша жиналады

1511 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook-парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

18 жасқа толғанға дейін балалардың есепшотына қанша ақша жиналады

Оның айтуынша, Президенттің бастамасымен Балалар жылының аясында «Ұлттық қор – балаларға» атты жаңа бағдарлама іске қосылады. Оған сәйкес, 2024 жылдан бастап Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы балалар 18 жасқа толғанға дейін олардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударылады.

«Жинақталған қаржы балалар кәмелет жасына толғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалады.

Үкімет пен Ұлттық банктің есебі бойынша елімізде жыл сайын 400 мың сәби дүниеге келеді. Әр бала 18 жасқа толғанша олардың есепшотында кемі 3 мың АҚШ долларына тең қаражат жиналады», деді Президенттің баспасөз хатшысы.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы бүгінгі жолдауында Балалар жылы аясында «Балаларға арналған ұлттық қор» бағдарламасын іске қосу туралы айтқан болатын.