Қоғам • 02 Қыркүйек, 2022

Цифрлық хабар тарату – заман талабы

673 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бүгінгі таңда өмірімізді тұрақты ақпарат көздерінің бірі болып саналатын телевизиясыз елестету қиын. Телехабар тарату уақыт талабынан туындаған жаһандық өзгерістер қарсаңында тұр. Бұл телехабар тарату саласының келбетін толығымен өзгертеді. Енді ешқашан бұрынғыдай болмайды.

Цифрлық хабар тарату – заман талабы

Мұны әрбір қазақстандық азамат сезінетін болады. Заманауи өркениет жаңалықтарын қабылдап, өміріңізді ыңғайлы әрі «озық» етесіз бе, әлде тым жылдам дамып жатқан технологиялық прогрестен бойыңызды аулақ ұстап, технологияның қазіргі үрдісін жоққа шығаруға тырысасыз ба?! Барлық жаңа нәрсе адамзатқа нақты пайда әкелмейінше, қашан да қорқыныш пен сенімсіздік тудыратыны мәлім.

Аналогты телехабар таратуды цифрға ауыстыру – әлемдік процесс. Соның ішінде Қазақстан да «цифрлық» кеңістікті қарқынды игеруде. 2012 жылдан бастап ел халқының 92%-дан астамы теле­визиялық digital-пішімге көшті.

Қазақстандықтар «цифрға» сенім білдіруде, мұны түсіндіруге болады. Бірақ ол туралы айтпас бұрын, аналогты хабар тарату жүйесінің неліктен күні біткенінің себебін анықтау керек.

Аналогты сигнал сыртқы әсерлерге өте осал, кейде аяқасты жоғалып кетуі мүмкін. Оны антеннаның көмегімен немесе провайдердің телевизиялық кәбілін пайдаланып ұстап алуға болады. Мұндай телевизияның кемшілігі – сигналдың кедергіге әлсіздігі кескін мен дыбыс сапасының нашарлауына әкеледі. Нашар ауа райында – жел, жаңбыр, найзағай кезінде сигнал нашарлап, көрермен суретті кедергілермен, бұрмаланған дыбыспен немесе мүлдем дыбыссыз алады. Хабар тарату сапасына телестансаның алыстығы да әсер етеді.

Бұрын, яғни цифрлық телехабар тарату пайда болғанға дейін аналогты телевизия телевизиялық кескін мен дыбысты таратудың жалғыз әдісі болатын. Цифрлық хабар тарату аналогқа қарағанда әлдеқайда ұзақ қашықтықта қабылданатын қорғаныс пен сигналдың жоғары деңгейіне ие. Цифрлық сигнал кедергіге төзімді және көрермендерге, тіпті ең қашық елді мекендерге де өзінің бастапқы түрінде, бөтен шу мен бұрмаланусыз жете алады.

Цифрлық телевизиялық хабар таратуды дамыту қолжетімді бағдар­ламалардың санын көбейтеді, интер­активті хабар таратуды енгізеді және халыққа қосымша қызметтер ұсы­нады. Бұл, сонымен қатар, тұрғын­дарды көп бағдарламалық ТВ хабар таратумен қамтудағы сәйкессіздіктерді жоюға, елдің барлық тұрғындарына ақпараттық ресурстарға қолжетім­ділікті қамтамасыз етуге, теле­бағдар­ламалардың кескіні мен дыбысының сапасын жақсартуға көмектеседі.

Бұл – жаңа дәуірдің тууы және біз осындай таңғажайып өзгерістің куәгері ғана емес, аталған тарихи процестің белсенді қатысушылары да болып отырмыз.