Жарыстың 8-ракеткалары болып тіркелген Данилина бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге екінші айналымда испаниялық Алена Большова - норвегиялық Ульрикке Эйкеримен кездесті.
Қазақстандық-бразилиялық жұп 6:1, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Олар 3 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді.
Анна Данилина мен Беатрис Хаддад Майя ширек финалға шығу үшін доданың 10-ракеткалары, америкалық Николь Меличар-Мартинес - аустралиялық Эллен Переспен кездеседі.